Таяу Шығыстағы мәдени мұраға келтірілген залал қанша?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/06yNt0pf72cyfnv1WybQmalhtXhV1OJHyv9HFHTl.webp

ЮНЕСКО Иран, Ливан және Израиль аумағындағы мәдени-тарихи нысандарға келтірілген залалды бағалап жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Азертадж мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан кемінде төрт мәдени нысан зақымданған. Қираулардың жылдамдығы мен ауқымы Иран мен Ливан билігін алаңдатып отыр. Осыған байланысты олар ЮНЕСКО-ға бірқатар нысандарды ерекше қорғауға алынатын тізімге енгізу туралы өтініш жолдаған.

ЮНЕСКО Тегеранда орналасқан Голестан сарайы кешенінің зақымданғанын растады. Сонымен қатар XVII ғасырдағы Чехель-Сотун сарайы мен Масджид-Жаме мешіті де зардап шеккен.

Бұдан бөлек, Хоррамабад аңғары маңындағы бірқатар нысандарға зиян келген. Олардың қатарында шамамен б.з.д. 63 мың жыл бұрын адамдар мекендегенін дәлелдейтін ежелгі үңгірлер мен жартастағы баспана бар.

Қақтығыстың салдары өңірдің басқа бөліктеріне де әсер етуде. ЮНЕСКО Израильдегі Ақ қала мен Ливандағы Тир қаласы аумағындағы нысандардың жағдайын да бақылауда.

БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик қақтығыстар кезінде тек бейбіт тұрғындар ғана емес, азаматтық инфрақұрылым мен тарихи мұра нысандары да зардап шегетінін атап өтті.

Ал Human Rights Watch ұйымының сарапшысы Бонни Дочерти мәдени мұраның бүлінуі қоғамның тарихи жадын әлсіретіп, ортақ құндылықтарға нұқсан келтіретінін мәлімдеді.

Комментарии
Другие материалы