Байқоңырдан «Прогресс МС-33» жүк кемесі орбитаға аттанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2gJlYtrkpE74Wu4p74nW6yPB3ESZ0b0aUb3oclTK.webp

Фото: Роскосмос

22 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-33» жүк кемесін алып ұшқан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды. Ұшырылым Роскосмос мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ұшудан кейін шамамен 9 минут өткен соң жүк кемесі зымыранның үшінші сатысынан бөлініп, белгіленген орбитаға шықты. «Прогресс МС-33» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясы-мен түйісуі 24 наурыз күні Астана уақыты бойынша сағат 18:35-ке жоспарланған.

Ұшырылым кезінде Байқоңырдағы ауа райы қолайлы болды. Осыған байланысты ғарыш айлағына зымыран ұшуын тамашалау үшін көптеген адам жиналды. Сонымен қатар, зымыранның пайдалы жүк бөлігінде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толуына арналған «Ғарыш апталығының» ресми эмблемасы орналастырылды.

Роскосмос өкілдерінің айтуынша, «Прогресс МС-33» эмблемасының ұшырылуы ауқымды бағдарламаға ресми түрде бастау бергенін білдіреді. «Ғарыш апталығы» 2026 жылдың 6–12 сәуірі аралығында өтеді. Бұл шара 2025 жылғы 29 желтоқсандағы президент жарлығымен бекітіліп, Ресей тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Комментарии
Другие материалы