«Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ebDHjVzR0VJmvZPYCw2Vpnpp6iWiNgxGpA3WlUcc.jpg

Ұлыстың Ұлы Күні құрметіне Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы  «Астана алаңы» сахнасында Наурыз мерекесіне арналған «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі  музыка концертін өткізді.

Қазақтың ғасырлар тезінен өтіп, бүгінгі күнге жүлгесі үзілмей жетіп отырған мол рухани мұрасының қомақты бөлігі – дәстүрлі музыкасы.

Дәстүрлі музыка – ұлттың жанын оятып, рухын асқақтатып, халықтың даналық қоймасының қазынасына жол ашады, елдің рухы мен зейінін ұштайды.

Ұлтымыздың алтын арқауындай дәстүрлі ән әуелеген концертке Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ардақ Исатаева, Шәбә Әденқұлқызы, Жеңіс Ержанов, Ғарифа Игісінова, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин, Диас Мұратхан сияқты дәстүрлі әншілер мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблі қатысты.

Комментарии
Другие материалы