Әнші Баянсұлу өзіне қатысты дауға жауап берді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yDeDCoWei6GyYdPATiGnW9Z5sm4AAhdXohR4X4gp.jpg

Әнші Баянсұлу Сағындықова әлеуметтік желіде өзіне қатысты қызу талқыланып жатқан дау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған дейін әндерінің авторы, композитор Қуат Әбілов өзіне тиесілі әндер үшін қаламақы төленбегенін мәлімдеген еді.

Өнер иесінің сөзінше, композитор продюсерден кеткеннен кейін оған әндерді сатуды ұсынған, әрбір әннің бағасы 30 мың доллар деп белгіленген. Сонымен қатар, Қуат Әбілов "барлық жерден әндерді өшіремін" деп қорқытқаны туралы да айтты.

"Ақша төлей алмайтындықтан, мен "өшіре беріңіз" дедім. Сол себепті әндер YouTube-тен өшірілді", — деді Баянсұлу.

Комментарии
Другие материалы