Исламабадтағы келіссөздер. Вэнс пен Галибаф АҚШ пен Иран делегацияларын басқарады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/5OppOuQrZg9MCdRCbgqXybVY2Hg3vJXKwKMDTMwa.jpg

Исламабадта өтетін АҚШ-Иран келіссөздеріндегі АҚШ делегациясын вице-президент Дж.Д.Вэнс, ал Ислам республикасы делегациясын парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф басқарады. Бұл туралы ISNA агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

8 сәуірде Иран, АҚШ және олардың одақтастары екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізген болатын.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың барлық әскери мақсаты қазірдің өзінде "асыра орындалғанын", Штаттар "Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілік және Таяу Шығыстағы бейбітшілік туралы түпкілікті келісімге қол жеткізуде үлкен жетістіктерге жеткенін" атап өткен. Ал Иран сыртқы істер министрі осы уақыт аралығында Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуі елдің қарулы күштерімен үйлестіріле отырып қамтамасыз етілетінін хабарлаған.

Еске салайық, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф АҚШ пен Иран делегацияларын 10 сәуірде ел астанасында келіссөздер өткізуге шақырған еді.

Комментарии
Другие материалы