Табысын жасырған блогерлер. Министрлік салықтық тексерулер жалғасып жатқанын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RJxUjSRjMyUJxpkyrFuIHSNnMPrc344vYStozYBk.webp

Елімізде кейбір қазақстандық блогерге қатысты салықтық тексерулер жалғасып жатыр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, Қаржы министрлігініңж Мемлекеттік кірістер комитеті табысын төмендетіп көрсеткен 854 қазақстандық блогерге хабарлама жіберген.

«Биыл 854 блогерге 1 586 хабарлама жіберілді. Олардың табысы 72 млрд теңгеге төмендетіліп көрсетілген», – деді ол журналистерге.

Аталған деректер бойынша жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде 622 блогер қосымша салық декларациясын тапсырған.

«Олар табыстарын 18,3 млрд теңгеге арттырып, қосымша 1 млрд теңгеге дейін салық төледі. Сондай-ақ тағы шамамен 600 миллион теңге төлеуге міндеттелді», — деді Біржанов Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 7 блогерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оларға қосымша есептелген салық сомасы 10 миллион теңгеден асады.

«Қазір тексеру шаралары жүргізілуде. Егер осы шаралардан кейін сомалар ерікті түрде төленбесе және айтарлықтай болса, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау арқылы өндіріп аламыз немесе процессуалдық шешімдер қабылданады», — деді Біржанов.

Комментарии
Другие материалы