Әшімбаев вице-президенттің қашан тағайындалатынын айтты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/1M7GtbSc4Jf1RosugYBzDLWYToT8u4eNdayjw1d5.webp

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің вице-президенті қашан тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл мәселелердің барлығы мемлекет басшысының құзыретіне жатады. Мұның бәрі жалпыұлттық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Жаңа Құрылтай сайланғаннан кейін мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды», – деді ол.

Айта кетейік, жуырда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы осы жылдың тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын.

15 наурызда Қазақстанда референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша жаңа  заң қабылданды. Жаңа Конституцияда вице-президент лауазымы енгізілген.

Комментарии
Другие материалы