Желтоқсан оқиғасы қатысушыларына тіл тигізу ісі. Қылмыстық іс қозғалды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OpiYiPGH63lCFcNi82ktpMEfWnc4yryawcF3uacF.webp

Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға тіл тигізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. П. есімді азаматша анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның әрекетіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілуде», – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Threads әлеуметтік желісінде Виолетта Паршина атты қолданушы Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылар туралы жазба астына «мас, ақымақтар, ауылдан келгендер» деген мазмұнда пікір қалдырған. Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс тудырып, қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызды.

Комментарии
Другие материалы