Шайхананы жырлаушы өзбек әншісі "Достық" орденімен марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xllzOrax2j0E6chG2ZKwBLIkT2Y2X33gk0Eqm0UQ.jpg

Фаррух Закиров «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әйгілі «Ялла» ансамблінің жетекшісі Фаррух Закиров II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Марапатты Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Ташкент қаласындағы Қазақстан елшілігінде табыстады.

Салтанатты рәсім барысында өнер иесі бұл марапатты жоғары бағалап, оны тек жеке жетістік емес, тұтас өзбек халқына көрсетілген құрмет ретінде қабылдайтынын атап өтті.

«Бұл марапатты мен алдымен бүкіл өзбек халқына көрсетілген құрмет деп білемін», – деді Фаррух Закиров.

Айта кетейік, биыл "Шайхана" әнімен танылған Фаррух Закировтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Комментарии
Другие материалы