Бұрынғы шендіні өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UI7d4epWwinkJIOePMm272Ff6GRqoksd6cVpYHBn.jpg

Астанада экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Елордадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот қала тұрғынын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

37 жастағы ер адам сотталушы деп анықталған. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, 2025 жылдың сәуір айында азаматтық жұбайын соққыға жығып, оған орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын келтіргені белгілі болды.

Айта кетейік, экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров 2025 жылдың 30 қазанында қаза тапқан. Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, ол танысымен болған жанжал кезінде соққыға жығылған. Сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, салдарынан 56 жастағы Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмған.

Комментарии
Другие материалы