Шкаф ішіндегі жасырын бөлме. Блогерлер басшы кабинетін аралады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/p4QU5dFN73hgqyHBoxGpBbIeWxchnBZXyjskhk47.png

Атырауда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы филиалының басшысы Аралбай Қосымбаевтың кабинетінде шкаф артында жасырын бөлме бары анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бір топ блогер филиал кеңсесіне келіп, басшылықпен кездесу талап еткен. Видео желіде тараған.

Кадрда блогерлердің бөлме ішіндегі шкафтың артынан басқа бөлмеге апаратын жасырын есік тапқаны байқалады. Кейіннен филиал басшысы Аралбай Қосымбаев аталған бөлмені өзі ашып көрсеткен. Оның айтуынша, ішкі бөлме қосымша қызметтік мақсатта пайдаланылған. Бөлме ішінде тек спортқа арналған турник, бос шкаф және санитарлық торап бар екені белгілі болды.

Комментарии
Другие материалы