«Еуровидение-2026». Израильге қарсы Еуропаның 5 елі бойкот жариялады

274
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EoOjPTo5Ji6XnbwQNpt4wETbTtrhsKRbn3GtNm9K.webp

Бес ел «Еуровидение-2026» ән байқауына қатысудан бас тартты. Бұл шешімге Израильдің байқауға қатысуына рұқсат берілуі себеп болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Бойкот туралы шешімді Испания, Ирландия, Нидерланд, Исландия және Словенияның ұлттық хабар таратушылары жариялады. Испанияның радио және телевизия корпорациясының төрағасы Хосе Пабло Лопес бойкоттың себептері туралы пікір білдірді.

«Еуровидение» ән байқауын ұйымдастырушылардың бірі ретінде біз ортақ жауапкершілік арқалаймыз. Израиль байқауға тұрақты түрде қатысып келгенімен, қазіргі оқиғалар мен қазір болып жатқан геноцидке көз жұма қарау біз үшін мүмкін емес», — деді ол.

Лопес сондай-ақ бүгінгі күні «Евровидениені» саясаттан тыс музыкалық фестиваль деп санау қате екенін айтты.

«Байқаудың үлкен саяси мәнге ие екенін бәріміз түсінеміз. Израиль үкіметі де мұны жақсы біледі және бұл шараны халықаралық аренада пайдаланып отыр», — деп атап өтті ол.

«Еуровидение-2026» байқауы 12–16 мамыр аралығында Вена қаласында өтеді.

Комментарии
Другие материалы