Достар дауы. Жақияновтың талап-арызы Жоғарғы сотта қабылданбады

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Кезінде оппозициялық саясаткер ретінде қатар жүрген кәсіпкерлер Төлен Тоқтасынов пен Ғалымжан Жақиянов арасындағы дау-дамай әлі бітер емес. 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Ғалымжан Жақияновтың 2019 жылғы келісімді жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Сонымен қатар, сот марқұм Төлен Тоқтасыновтың пайдасына ақша өндіру туралы шешім шығарды. Бұл туралы Тоқтасыновтың жұбайы Алма Тоқтасынова жариялады, деп хабарлайды "Адырна". 

Сот шешімі бойынша, талап қоюшы тараптың уәждері негізсіз деп танылып, 2019 жылғы келісім аясында қарастырылған даулы мәселелер бойынша Тоқтасыновтың құқықтық ұстанымы расталды. Атап айтқанда, Моңғолиядағы «АLGT» компаниясындағы үлеске қатысты дау сот қарауында қарастырылды.

Іс барысында тараптардың ұсынған дәлелдері мен құжаттары зерттеліп, бұрынғы сот шешімдері мен акционерлер жиналыстарының хаттамалары да қарастырылды. Сот тиісті материалдарды негізге ала отырып, түпкілікті шешім қабылдады.

Сонымен қатар, тараптар арасындағы дауға қатысты өзге де азаматтық істер Бостандық аудандық сотында қаралып жатқаны белгілі болды. Бұл істерде компанияның қаржылық міндеттемелері мен акционерлік құрылымға қатысты қосымша талаптар талқылануда.

Іс материалдарында бұрынғы шешімдер мен корпоративтік құжаттардың заңдылығы, сондай-ақ акционерлер жиналыстары хаттамаларының рәсімделу тәртібі де қарастырылған.

Тараптар өз ұстанымдарын қорғау барысында әртүрлі құқықтық дәлелдер келтірген. Сот процестері заң аясында жалғасуда.

Айта кетейік, достар арасындағы даудың бастауы туралы толығырақ сілтемеден оқи аласыз.

 

Комментарии
Другие материалы