Шымкенттік оқушы әлемнің 23 университетінен шақырту алды

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OVAuHkUSnGJyZdfQul7a3vLp6fhLgSmY8hHoUn6I.webp

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Үздік оқушы – 2025» конкурсының жеңімпазы, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі Тамерлан Сыздықов жоғары академиялық нәтиже көрсетті. Түрлі деңгейдегі білім додалары мен іріктеулердің қорытындысы бойынша ол шетелдік 23 жоғары оқу орнының шақыруына ие болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Мектеп түлегіне шақыру жолдаған оқу орындарының ішінде АҚШ, Гонконг, Австралия және Испания, Италия, Түркия мен Ұлыбритания сияқты Еуропа елдері бар.

 Халықаралық университеттерің ұсыныстарына қарамастан, Тамерлан жоғары білімді Қазақстанда алуды жөн көріп, таңдауын Nazarbayev University оқу орнымен байланыстырып отыр.

Комментарии
Другие материалы