Білім саласындағы дау. Бөлім басшысы ұсталды

93
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7j31avfN1Nx3OZXlOD4ClTxZh3qwuvn06TNEHVug.webp

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің өндірісінде қалалық білім бөлімі лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, білім бөлімінің қызметкерлері басқа тұлғалармен бірлесіп, мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінген.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қадағалау органының мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілген. Атап айтқанда, күдіктілердің тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында тінту шаралары өткізілген.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр

Комментарии
Другие материалы