20 жастағы адамның 6 млн теңгелік қоры болуы керек. Зейнетақы қорындағы төменгі шек тағы шектелді

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/S21gTm7kFf14GeRIqIT8Ut7oL9UIypeEDhXAQNPo.webp

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегінің мөлшерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл – зейнетақы қорындағы жеткілікті шектің биылғы бір жыл ішіндегі екінші рет өсуі.

Жеткілікті шектен артылған қаржыны азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Жарияланған мәліметке сәйкес, ең төменгі жеткіліктілік шегі жас ерекшелігіне қарай белгіленген. Мәселен, 20 жастағы азамат үшін төменгі шек – 6,67 млн теңге болса, 30 жастағылар үшін – 9,75 млн теңге. Ал 40 жастағы азаматтарға қажетті ең төменгі шек 13,37 млн теңгені құрайды.

Жасы ұлғайған сайын қажетті жинақ көлемі де артады. Мысалы, 50 жастағы салымшылар үшін шек 17,59 млн теңге, ал 60 жастағылар үшін 22,5 млн теңге болып белгіленген.

2026 жылдың басында бұл көрсеткіш 20 жас – 3 720 000 теңге, 21 жас – 3 850 000 теңге, 22 жас – 3 990 000 теңге деп белгіленген.

Ал елімізде ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге; зейнетақының ең төменгі мөлшері – 69 049 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Комментарии
Другие материалы