Alphard апаты. Тасжолда көлік аударылды

278
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PZQFxvtLo2IukZGoXDSlywBchyhSvHnaLr061Xyh.png

13 маусым күні сағат 10:00 шамасында Атырау – Индер бағытындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақ Жайыққа сілтеп.

Оқиға Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының маңында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard маркалы жеңіл автокөлік аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Қазір Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен ресми түсініктеме күтілуде. Қосымша мәліметтер белгілі болған жағдайда ақпарат жаңартылатын болады.

Комментарии
Другие материалы