Парламент премьер-министр өкілеттігін екі мерзіммен шектеуді мақұлдады

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jc9sOuHCh1qZxe9sHarJFd5J1Wi6b5aejNXWhW9P.webp

Венгрия парламенті елдің Конституциясына премьер-министрдің қызмет мерзімін екі төртжылдық кезеңмен шектеуді көздейтін түзетулерді қабылдады6 деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дауыс беру барысында бастаманы 134 депутат қолдап, 50-і қарсы дауыс берді, ал алтауы қалыс қалды. Қабылданған норма 1990 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарған барлық саясаткерлерге қолданылады. Осылайша, бес мәрте үкімет басшысы болған Виктор Орбан болашақта бұл лауазымға қайта тағайындала алмайды.

Конституциялық өзгеріс биылғы парламент сайлауында жеңіске жеткен премьер-министр Петер Мадьярдың негізгі сайлауалды уәделерінің бірі болған. Оның айтуынша, бұл бастама биліктің шамадан тыс бір адамның қолына шоғырлануына жол бермеуге бағытталған.

Түзетуді парламентте Мадьяр жетекшілік ететін «Тиса» партиясының депутаттары қолдаса, Виктор Орбанның «Фидес» партиясы оған қарсы дауыс берді.

Комментарии
Другие материалы