Жас өнертапқыш мүмкіндігі шектеулі жандарға «ақылды» құрал жасады

163
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mQwl03QNy2zlPtTBVdAMToH7Ife4aWKKdhriaXnI.webp

19 жастағы қазақстандық өнертапқыш Қанат мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдетуге бағытталған инновациялық құрылғыны таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Dalanews-қа сілтеп.

Жас маман әзірлеген «ақылды капа» ауыз қуысына орналастырылады. Ол тілдің қимылдары арқылы смартфон, компьютер және басқа да цифрлық құрылғыларды қол тигізбей басқаруға мүмкіндік береді. Бұл технология мүмкіндігі шектеулі жандардың гаджеттерді өздігінен пайдалануына жағдай жасайды.

Сонымен қатар 19 жастағы Қанат есімді өнертапқыш гуманоид роботтар мен робот-иттерді бағдарламалау бағытында да жұмыс істеп жатыр. Аталған жобалар қазіргі уақытта әзірлеу кезеңінде.

 

Комментарии
Другие материалы