Аптап ыстыққа байланысты АЭС-тің екі реакторы уақытша тоқтатылды

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VZN3fOQTDJqLkHhiHLhmnrzmDYq6SQMGIeEHP15p.webp

Швейцарияда Еуропадағы ең көне АЭС саналатын «Безнау»-дың екі реакторы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұған аптап ыстық салдарынан реакторларды салқындатуға пайдаланылатын Ааре өзеніндегі су температурасының 25 градусқа дейін көтерілуі себеп болған.

АЭС басқаратын Axpo компаниясының хабарлауынша, соңғы екі күнде Ааре өзенінің су температурасы қайтадан 25 градусқа жеткен және жақын уақытта судың жеткілікті деңгейде салқындауы күтілмейді.

Axpo өкілдері реакторлардың жұмысы уақытша ғана тоқтатылғанын атап өтті.

«Өзен суы салқындағаннан кейін немесе оның температурасының төмендейтіні туралы болжам жасалған жағдайда реакторларды қайта іске қосу жоспарланады. Алайда бұл үшін құзырлы мемлекеттік органдардың рұқсаты қажет», – делінген компания хабарламасында.

Комментарии
Другие материалы