Блогер Иван Червинский Қазақстан азаматтығын алды

224
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7RK5PDiA06t9WPhDXMDYx2D37NjfgSzhRGv6dIqw.webp

Санкт-Петербургтен шыққан блогер Иван Червинский Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеролик арқылы мәлімдеді. Видеода блогер Ресей төлқұжатын көрсетіп, кейін Қазақстан Республикасының төлқұжатын кадрға көрсеткен.

«Сүйінші! Біз қазақпыз! Алға, Қазақстан!» – деп жазды ол жазбасына.

Иван Червинский «Алға, Қазақстан» авторлық жобасының негізін қалаушы ретінде танымал. Ол бірнеше жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған.

Комментарии
Другие материалы