Алматы Орталық Азиядағы өмір сүру құны ең жоғары қала атанды

194
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LfYrAp0cD6BTfViUOkJJhbeTCc45II4G64asI2Tg.jpg

Фото:istockphoto

Халықаралық Numbeo платформасының 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған жаңартылған рейтингінде Алматы Орталық Азиядағы өмір сүру құны ең жоғары қала ретінде танылды, деп хабарлайды "Адырна".

Әлемнің 547 ірі қаласын қамтыған зерттеуде Алматы 409-орынға жайғасса, Астана 469-орыннан көрінді. Сарапшылар қалалардағы өмір сүру деңгейін Нью-Йоркті (100 балл) базалық көрсеткіш ретінде алып, бірнеше негізгі индекс бойынша бағалаған.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Алматының өмір сүру құны индексі 38,7 баллды құрады. Тұрғын үйді жалға алу көрсеткіші – 16,2, ал жалдау ақысын қоса есептегендегі жиынтық индекс 28,4 баллға жеткен.

Ал Астанада бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен. Елордадағы өмір сүру құны индексі – 32,8, пәтер жалдау құны – 12,6, ал жалпы жиынтық индекс 23,6 балл болды. Бұл Алматыда күнделікті шығындар мен тұрғын үйді жалға алу бағасы Астанаға қарағанда жоғары екенін көрсетеді.

Орталық Азия қалалары арасындағы рейтингте алғашқы екі орынды Қазақстанның мегаполистері иеленді. Тізімде Алматы бірінші, Астана екінші орында тұр. Ал алғашқы бестікке Өзбекстанның Ташкенті, Қырғызстанның Бішкегі және Тәжікстанның Душанбесі де енген.

Әлемдік рейтингтің көшін дәстүрлі түрде Швейцария қалалары бастап келеді. Биыл өмір сүру құны ең жоғары қала ретінде Цюрих танылды. Ал алғашқы бестікке Кайман аралдарындағы Джорджтаун, сондай-ақ Швейцарияның Люцерн, Базель және Женева қалалары кірді.

Numbeo рейтингін жасау кезінде азық-түлік бағасы, қоғамдық тамақтану орындарындағы қызмет құны, тұрғын үйді жалға алу бағасы және халықтың нақты сатып алу қабілеті сияқты негізгі көрсеткіштер ескеріледі.

Комментарии
Другие материалы