10 жыл сәби күткен отбасы бір күнде төртемнің ата-анасы болды

103
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KahdQSPR7lRoxxrMAJLJOAQ9K7D6125WrlfcSQVX.webp

Өзбекстанның Самарқанд облысындағы перзентханалардың бірінде ерекше оқиға болды. 29 жастағы келіншек бірден төрт сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды "Адырна".

Мәліметке сәйкес, босану кесар тілігі арқылы жүргізілген. Алғаш болып салмағы 1,7 келі қыз бала өмірге келсе, кейін салмақтары 1,5 келі, 2,2 келі және 2,3 келі болатын үш ұл дүниеге келген.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің жағдайы тұрақты, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ал ананың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар 10 жыл бойы сәби сүйе алмаған. Көптен күткен қуанышқа кенелген ана:

«Ізгі ниет пен сабыр болса, адам бәріне қол жеткізеді», – деп өз әсерімен бөлісті.

Ал жас әке отбасының қуанышын жасыра алмай, он жыл бойы күткен армандарының бір сәтте орындалғанын айтып, бүгінде төрт перзенттің әкесі атанғанына шексіз бақытты екенін жеткізді.

Комментарии
Другие материалы