Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 жарым мыңнан асты

281
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/G57s0krYaYC4Kb9cIrCZf293IF9JeqBIBk3kkQfk.jpg

Венесуэлада 25 маусымға қараған түні болған жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны кемінде 3535 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Бұл туралы ел парламентінің спикері Хорхе Родригес хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, табиғи апат салдарынан 16 740 адам түрлі жарақат алған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін.

Венесуэла билігі әзірге хабар-ошарсыз кеткендер саны туралы нақты ақпарат жарияламаған. Алайда БҰҰ-ның бағалауынша, із-түзсіз жоғалғандардың саны 50 мың адамға дейін жетуі ықтимал.

24 маусым күні Венесуэланың солтүстігінде, астана Каракастан батысқа қарай орналасқан аймақта магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелді. Бұл – елде соңғы 125 жылдағы ең қуатты сейсмикалық апат саналады.

Жер сілкінісінен кейін ондаған афтершок тіркеліп, көптеген тұрғын үй қирады. Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңір – халықаралық әуежай мен елдің ең ірі теңіз порты орналасқан Ла-Гуайра штаты.

Оқиғаға байланысты Венесуэла билігі елде төтенше жағдай жариялап, жеті күндік аза тұту рәсімін енгізді.

Комментарии
Другие материалы