Euronews қазақ тілінде хабар тарата бастайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Педро Варгас Давид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевмен кездесуде хабарлады.
Педро Варгас Давидтің айтуынша, қазақ тілі – Euronews медиа желісінің қолданысына Орталық Азия халықтарының арасынан енген алғашқы тіл. Президент бұл бастаманы Қазақстан мен халықаралық телеарна арасындағы ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде бағалады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ты әлемдегі оқиғаларды бейтарап жариялап, сенімді ақпарат ұсынатын беделді медиа ресурс деп атап өтті. Президенттің айтуынша, телеарна 2024 жылы Астанада кеңсесін ашқаннан бері Қазақстан мен Орталық Азиядағы жаңалықтарды кеңірек қамти бастаған.
