Үздік тауар өндірушілер анықталды

123
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/501A3CBMZKMnf31Nrgzwgh0shdJF02jeZS4mNcSv.jpg

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы өтті. Мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, өнім сапасын арттыру. Биылғы бәсекеде 42 кәсіпорын 3 аталым бойынша бақ сынады.

20 жылға жуық уақыт ішінде байқау отандық өндірушілерді ынталандырып, ісін ілгерілетуге тың серпін беріп келеді. Бұл жолы да көрмеге жергілікті кәсіпорындардың тамақ өнімдері, күрделі өнеркәсіптік және тұрмыстық құрал-жабдықтар қойылды.

Салтанатты іс-шарада сөз алған аймақ басшысы бәсекеге қабілетті өнім шығарып, сапалы қызмет көрсету еліміздің өркендеуіне нақты іспен үлес қосу екенін атап өтті. 

- Мықты әрі бәсекеге қабілетті бизнес – мемлекеттің басты тірегі. Өңіріміз өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі жағынан елімізде төртінші орынды иеленіп отыр. 2026 жылдың алғашқы 5 айында өнеркәсіп көлемі 1,7 триллион теңгеге жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетті. Жалпы, аймаққа тартылған инвестицияның 49%-ы дәл осы өнеркәсіп саласына бағытталған. Президент тапсырмалары аясында бизнеске қолайлы жағдай жасау, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары жүйелі жалғаса береді, — деді Нариман Төреғалиев.

Байқау қорытындысында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Конденсат» АҚ және «QazExpoCentre-Pipe» ЖШС, «Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы бойынша «Меко» ЖК, «Оқжетпес life» ҚБ, «Имар» ЖК, «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ, «Қаз-ақбас» ЖШС, «Маканова» ЖК үздік деп танылып, қаржылай сыйлыққа ие болды. 

Айта кетейік, жеңімпаздар күзде Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.

Комментарии
Другие материалы