Қытай зымыранның бірінші сатысын теңіз платформасына қондырды

81
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xSuK5xgwkkHygLrPV2B7DFyidkOq9hxdFlo4TIqI.jpg

Қытай алғаш рет зымыран-тасығыштың бірінші сатысын басқарылатын режимде теңіз платформасына сәтті қайтарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады.

Сынақ елдің оңтүстігіндегі Хайнань аралында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағында өтті. Long March 10B (CZ-10B) зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін сатылар штаттық режимде ажыратылып, бірінші саты төмендеген. Кейін ол арнайы теңіз платформасына торлы қону жүйесінің көмегімен сәтті қондырылды.

Бұл – Қытайдың зымыранның бірінші сатысын басқарылатын түрде алғаш рет сәтті қайтаруы. Бұған дейін көп рет пайдаланылатын Long March 12A (CZ-12A) зымыранын сынау кезінде бірінші саты қону алаңына орала алмаған.

Комментарии
Другие материалы