Саратовтағы сарсаң. Дрон ұрған МӨЗ істен шықты

236
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nTZL2NKm8KYV98hrzpIwiESFHu2ZcasBnuT6E4ec.jpg

Саратов мұнай өңдеу зауыты украиналық дрон шабуылынан кейін белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, шабуыл салдарынан зауыттағы тәулігіне 20 мың тоннаға дейін мұнай өңдей алатын негізгі алғашқы өңдеу қондырғысы зақымданған. Reuters дерегіне сәйкес, бұл кәсіпорындағы осындай жалғыз қондырғы болған.

Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин 8 шілдеде ұшқышсыз аппараттардың шабуылы салдарынан азаматтық инфрақұрылым нысандары бүлінгенін растағанымен, нақты қандай нысандар екеніне тоқталмаған. Ал Украина қарулы күштерінің бас штабы соққының Роснефть компаниясына тиесілі Саратов мұнай өңдеу зауытына бағытталғанын хабарлады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, компанияның өзі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.

Комментарии
Другие материалы