Есет Байкен Ұлытау облысының жаңа әкімі болып тағайындалды

164
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/b5PVrh1KNFtQKneX1wF0giqnGYZY80HzGOInVoXe.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде Есет Байкенді Атырау облысының әкімі етіп тағайындады. Ресми ақпарат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды".

Ал бұл лауазымдағы Дастан Рыспеков қызметінен босатылды.

Есет Берікұлы 1986 жылы Қарағанды облысында туылған.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінде "Қаржы" мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білімін тәмамдаған. Құқықтану және қаржы бакалавры.

  • 12.12.2008 – 18.02.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
  • 18.02.2009 – 16.07.2009 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
  • 16.07.2009 – 28.10.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 28.10.2010 – 23.11.2010 ж. – "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 23.11.2010 – 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 07.03.2013 – 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
  • 26.08.2013 – 08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;
  • 09.08.2016 – 01.08.2017 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
  • 02.08.2017 – 31.01.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
  • 01.02.2019 – 03.07.2019 ж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
  • 29.08.2019 – 2020 ж Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
  • 14.10.2020 – 02.2022 ж – "Сарыарқа" ауданының әкімі.
  • 09.02.2022 – 19.09.2022 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
  • 19.09.2022 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
Комментарии
Другие материалы