Танымал жаттықтырушы Айтым Жақыпов жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде оның Астана көшелерінің бірінде көлікпен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен сәті түсірілген видео тарады.
Полиция мәліметінше, жүргізуші жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.
Жаттықтырушының өзі де жол ережесін бұзғанын растаған.
