Мұхтар Әуезовтің бұрын жарияланбаған хаты музей қорына тапсырылды

168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ebeHFQ1W1gkJSSUbLusfyGTxHeTz1ru7xT1BT3hl.jpg

Алматыдағы Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық музей-үйіне жазушының осы уақытқа дейін жарияланбаған хаты тапсырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Abai.tv-ға сілтеп.

Қазақ жазушысы ол хатты 1958 жылы қырғыз журналисі әрі баспагер Тұрғынбек Суванбердиевке жазғаны анықталды.

Музейдің мәліметінше, тарихи құжат Бішкек қаласындағы іссапар барысында табылған. Хатты қырғыз журналисінің қызы Чинара Суванбердиева әкесіне тиесілі «Абай жолы» романының арасынан тауып, музей қорына табыстаған.

Хатта Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жоспарлары, Фрунзе мен Ыстықкөлге жасаған сапары, сондай-ақ «Сейтек» эпосына қатысты зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер қамтылған.

Мамандардың айтуынша, бұл құжат мұхтартану ғылымы үшін маңызды тарихи дерек саналады және жазушының шығармашылық қызметін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.

Комментарии
Другие материалы