ЖИ және ауылға интернет тарту мәселесі: «Әділет»  партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/n6DPOHF6AkXPV28d4wIIqU5AuEuDYTEcguHImniK.png

Құрылтай сайлауына қатысып жатқан «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының жеке бір блогы цифрлы трансформацияға арналған. Одан басқа, партияның Құрылтай депутаттығына ұсынған кандидаттары арасында IT-мамандар мен жаңа технологияны жоғары деңгейде игерген тұлғалар бар. Сондықтан болар, «Әділет» партиясы өзін қазірден-ақ «ең цифрлы» партия деп көрсетіп келеді. 

Осы ретте, депутаттыққа кандидат «ADAL ADAM» ютуб-арнасына сұхбат бере отырып, «Әділет» неге өзін «цифрлы партия» ретінде көрсететіні және партияның осы бағыттағы саясаты  туралы әңгімелеп берді. 

 «Әділет» өзін цифрлық партия деп айтуы жай сөз емес. Партияны тіркеу кезеңінде қол онлайн жиналды. Адамдардың партияға кіру процесін мейлінше жеңілдеттік. Партия тіркеуден өткеннен кейін мүшелер де, олардың ұсынысы да онлайн қабылданды. Болашақта біз партия жұмысына жасанды интеллект шешімдерін қосамыз», - дейді Нұрбек Мәтжани

Кандидаттың айтуынша, «Әділет» партиясы тіркеуден өткеннен кейін мүшелерін онлайн қабылдап, олардың ұсынысын онлайн тіркеген. Ал болашақта партия  жұмысына жасанды интеллект шешімдерін қоспақ. 

Жалпы, ең алдымен «партияның сайлауалды бағларламасының артықшылығы неде?» деген сұраққа жауап бере келе ол партия адам әлеуетін дамыту, энергетика мен инфрақұрылым, өңірлер арасындағы теңсіздікті жоюға басымдық беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, партияның басты бағыты – Қазақстандағы цифрлық саясаттың болашағы туралы пікір білдіріп, нақты мысалдармен жауап берді. 

Нұрбек Мәтжани президенттің де жасанды интеллект, цифрландыру мәселесін жиі айтып, жеке министрліктің құрылуы мемлекеттің фокусы қай салада екенін анық көрсетеді дейді. 

«Партия ретінде  біз де шетте қала алмаймыз. Сондықтан, алдымызға 5 млн адамды оқыту мақсатын қойып отырмыз. Біздің сайтымызда осы мақсаттың қалай жүзеге асатыны және қандай нәтиже беретіні анық жазылған. Оның ішінде, біз өңірлерге аса назар салып отырмыз. Ауылдарға интернет тарту көрсеткішін 97 пайызға жеткізгіміз келеді. Бұл жерде негізгі фокус ауыл тұрғындарына, өңірлерге жасалған», - деді ол. 

Осы мәселеге қатысты сөзін түйіндеген кандидат әлемде екі тенденция қалыптасқанын атап өтті. 

«Әлем жаппай жасанды интеллект бағытына бұрылып жатыр. Осы орайда екі ұстаным пайда болды. Бірі қолдайды, бірі артқа тартады деп ойлайды. Біздің партия бірінші ұстанымда. Еңбек нарығына жасанды интеллектіні кіріктіруді қолдап, оған қарай бейімделу керек деп ойлаймыз», - деді Мәтжани. 

Естеріңізге сала кетейік, жуырда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы бірінші ұлттық теледебат кезінде «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаты Ренат Бектұровта партияның цифрлы шешімдері туралы толық айтып берген еді.

Айта кетейік, кандидат Нұрбек Мәтжани мен Бекжан Әлімқұлдың «ADAL ADAM» ютуб-арнасына берген сұхбатының толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар. 

https://adilet-partiyasy.kz/ru/about/program

Дайындаған: 

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Комментарии
Другие материалы