Малшылардың Дүниежүзілік конференциясында үш декларация қабылданды

139
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iDCWGprAAeDZhTkZlzPEyMWVCLlf3ouseEl7vWTN.jpg

Ұлан-Батырда әлемнің 100-ден астам елінен келген көшпелі қауымдастықтар, азаматтық қоғам ұйымдары, университеттер мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің өкілдері қатысқан Дүниежүзілік мал өсірушілер конференциясы өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Montsame жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Конференция қорытындысы бойынша Дүниежүзілік мал өсірушілер декларациясы, Әйел малшылар декларациясы және Жас малшылар декларациясы қабылданған.

Елдің қоршаған орта және климаттың өзгеруі министрлігінің мемлекеттік хатшысы Шийлэгийн Батбаяр аталған құжаттар 17 тамызда Ұлан-Батырда басталатын COP17 конференциясында таныстырылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Моңғолия мал өсірушілердің бастамаларын жердің тозуының алдын алу және оны қалпына келтіру, құрғақшылықпен күрес, сумен қамтамасыз ету, азық-түлік жүйелері мен қаржыландыру мәселелерін талқылау үдерісіне енгізуге күш салмақ.

Конференцияға 100-ден астам елден келген шамамен 240 өкіл, сондай-ақ Моңғолияның 100-ден астам мал өсірушісі қатысқан.

Комментарии
Другие материалы