АҚШ президенті Дональд Трамп қазіргі уақытта Вашингтонның Иранмен келіссөз жүргізіп жатпағанын және жақын арада келіссөз бастауды жоспарламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазіргі уақытта Ислам Республикасымен ешқандай келіссөз немесе талқылау жүргізіліп жатқан жоқ және олар жоспарланбаған. Теңіз блокадасы өз күшінде. Ормұз бұғазы ашық, жұмыс істеп тұр», – деді ол.
Трамп сондай-ақ бұғаз маңында болған барлық теңіз минасының залалсыздандырылғанын немесе жойылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Truth Social желісінде Ормуз бұғазының картасын жариялап, оған «АҚШ-тың жаңа аумағы» деген жазу қалдырған болатын.
