Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".
Ақпаратқа сенсек, Мәжіліс сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен:
- «Әділет» партиясы – 71,8%,
- «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 6,4%,
- Respublica партиясы – 5,4%,
- Қазақстан халық партиясы – 3%,
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 5,1%,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%,
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1;
- «Бәріне қарсымын» бағаны – 2,1%.

Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген.
