Шабуыл салдарынан. Қазақстанның мұнай өндіру бірнеше млн тоннаға қысқарды

235
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gWn3Tgv2Gwn00UgUqtFSuFMqCuGOu8j4Kh0vA0V7.webp

Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасалған шабуылдардың салдарынан Қазақстанда биыл мұнай өндіру жоспары 98 млн тоннадан 96 млн тоннаға дейін қысқартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы брифингте энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қаңтарда, маусым-шілде айларында болған шабуылдардың салдарынан Қазақстан шамамен 3,5 млн тонна мұнай өндіру мүмкіндігінен айырылған.

«Осыдан кейін ТШО акционерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбеу туралы шешім қабылдады. Жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды», – деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар келесі жылы NCOC операторының кен орындарында да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

«Биыл 98 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлаған едік. Қазір бұл көрсеткіш 96 млн тоннаға түзетілді. КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан өндірілмеген мұнай көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды», – деді министр.

Бұған дейін 30 шілдеде Каспий құбыр консорциумы екі танкерге тағы да шабуыл жасалған. Шабуыл салдарынан мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

 

Комментарии
Другие материалы