Оныншы парламент. Құрылтайдың кілті бұралатын күн жақын

506
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yNDykb5zG9bGVrD5f0zP5m2lYPCVHenDKcYJgwi3.jpg

Бүгін, 26 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,– делінген хабарламада.

Еске салайық, алғашқы Құрылтай сайлауында Орталық сайлау комиссиясының соңғы қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Партия Құрылтайдағы мандаттың басым бөлігін — 110 орынды жеңіп алды. Қалған орындар келісідей бөлінді: «Ауыл» — 10 орын; Respublica — 9 орын; ЖСДП — 8 орын; «Ақ жол» — 8 орын.

Тұңғыш Құрылтай - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі оныншы парламент. 

 

Комментарии
Другие материалы