Шығатын жалғыз есікте адамдар тапталған. Тойханада 22 адам қаза тапты

214
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/exzmJgxBQXDV5zTpnEzi1rzgJuQi55JMeMA5Eq1r.webp
Конго Демократиялық Республикасының (КДР) астанасы Киншасадағы салтанатты шаралар өтетін залда болған өрт салдарынан кемінде 22 адам қаза тапты. Report агенттігінің Actualité басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, өрт шыққан кезде залда үйлену тойы өтіп жатқан, деп хабарлайды "Адырна".
Шараға көп адам жиналған.

Жергілікті билік өкілі Норбер Мушигидің айтуынша, қаза тапқандардың нақты саны әзірге анықталған жоқ. Сонымен қатар көптеген адамның зардап шеккені хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ғимаратта бір ғана шығатын есік болған. Өрт басталғаннан кейін адамдардың жаппай сыртқа шығуға тырысуы кептеліске әкелген.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Комментарии
Другие материалы