Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Қырғызстан Қазақстанды жеңіп, көк бөріден әлем чемпионы атанды

114
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xFsDtzjkWzMsvzANdnyjvzcF2SVTTGNNed1Cvuqf.jpg

Қырғызстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көк бөрі жарысындағы финалдық матчта Қазақстан құрамасын 12:0 есебімен жеңді.

Үшінші таймды қырғызстандықтар тағы бір салыммен бастады. Оны Байтыгин Өмүрбеков соқты.

Оныншы салымды Эрназар Кошунбаев рәсімдеді. Одан кейін Мирбек Муташов 11-ші салымды соқты. Бұл оның осы матчтағы екінші голы болды. Ал 12-ші салымның авторы – Сейтбек Анарбекұлы.

Осылайша, Қырғызстан құрамасы финалды 12:0 есебімен аяқтап, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көк бөріден жеңімпаз атанды.

Чолпон-Атадағы финалдық кездесу көрерменге лық толы трибуналар алдында өтті. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров аренаға барлық ниет білдірушілерді кіргізуге рұқсат бергеннен кейін, бос орындар тез арада таусылды. Соған қарамастан жанкүйерлер матчтың соңғы минуттарына дейін стадионға ағылып келіп жатты.

 Еске салайық, бірінші таймнан кейін Қырғызстан 4:0 есебімен алда болса, екінші таймнан соң есеп 8:0-ге жетті.

Комментарии
Другие материалы