Конституциялық сотта банкроттыққа қатысты өтініш қаралды

137
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ohYnzk5T6YpX2iYuh00pEeL8VGdmTpJtO5OB4Gfh.jpg

Конституциялық Сот кредитордың санатына қарай сот арқылы банкроттық рәсіміне қол жеткізудің әртүрлі болуына қатысты мәселе көтерілген өтінішті қарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өтініш беруші мұндай талап мүліктік жағдайы бірдей азаматтардың құқықтық жағдайында айырмашылық тудыруы мүмкін деп есептеген.

Алайда Конституциялық Сот дауланып отырған норманың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтаған.

«Заңнамада сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың бірыңғай шарттары белгіленген және тиісті өтінішпен жүгінуге құқығы бар адамдар тобына шектеу қойылмаған. Өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығының бұзылғаны туралы уәждері де расталмады. Оның заңды соттардың дұрыс қолдануына және істің нақты мән-жайларына баға беру туралы талабы Конституциялық Соттың өкілеттігіне жатпайды»,– делінген хабарламада.

 

 

Комментарии
Другие материалы