«ҚазТрансОйл» 8 айда мұнай тасымалын арттырған

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Tc07LwtF5Chz5WtJ8qGFR0F7pw9EJJBtG7sbjSR0.webp

«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында Ақтау порты арқылы Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) мұнай құбырының қуатын пайдаланып, 1,034 млн тонна қазақстандық мұнай жөнелкен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жалпы, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалданған қазақстандық мұнай көлемі 4 пайызға өсіп, 30,6 млн тоннаға жетті. Ал 2025 жылы Қазақстанның БТЖ бағыты арқылы экспорттаған мұнай көлемі 1,2 млн тоннаны құраған.

Бұған дейін, 27 шілдеде, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында БТЖ мұнай құбыры арқылы тасымалданған мұнай көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға азайып, 12,7 млн тонна болғаны хабарланған еді.

Әзербайжанның магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалданған шикізаттың жалпы көлеміндегі бұл бағыттың үлесі 76,8 пайызды құрады. Сонымен қатар транзиттік жеткізілімдер көлемі 3,8 пайызға қысқарып, 2,25 млн тоннаға дейін төмендеген.

Комментарии
Другие материалы