"Қыркүйек" жаңа сөздікке қозғау салды

100
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ujnQTXnDnJ0DauiSGSVgWm1HeMEarBDmkncxWmo6.jpg

Қазақстанда қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігін әзірлеу жұмыстары басталады. Бұл туралы ҚР вице-президенті Ерлан Қарин «қыркүйек» немесе «қыргүйек» нұсқаларының қайсысы дұрыс жазылуы керек деген пікірталасқа қатысты пікір білдіріп, хабарлады, деп жазады “Адырна”.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие және іс жүргізу саласында кеңінен қолданылатындықтан, сөздердің айтылуы мен жазылуына қатысты бірыңғай нормалардың болуы мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігіне тікелей әсер етеді. Вице-президенттің айтуынша, мемлекет бұл ретте тілдік нормаларды өзі белгілемейді, тек осы бағыттағы мамандардың жұмысын үйлестіреді.

«Әрине, мемлекет белгілі бір сөздің қалай жазылуы керегіне араласа алмайды және араласпайды. Бұл – сала мамандары мен ғалымдардың жұмысы. Біздің міндетіміз – осы жұмысты тиімді үйлестіру. Сондықтан елдегі тіл саясатын жүзеге асыруға жауапты мекемелердің басшыларын және белгілі ғалымдарды жинап, осы мәселе бойынша пікір алмастық», – деді Ерлан Қарин.

Кездесу қорытындысы бойынша беделді тіл мамандарынан арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобының негізгі міндеті – қазақ тілінің жаңа орфографиялық сөздігін әзірлеу. Дайын болған еңбек кейін Ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, бекітіледі.

Комментарии
Другие материалы