Экс-депутат жол апатынан зардап шеккен азаматпен фото жариялады

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ieQWm2Ev3nn2K1OwpsO6gIEljAgxQhxGDkGcmurf.jpg

Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзі қатысқан жол-көлік оқиғасында зардап шеккен Нұржігіт Қошановтың дәрігерлерімен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы мамандарына алғыс айтты.

Базарбектің айтуынша, бұл – Нұржігіттің амандығын күткен көпшілік асыға күткен сурет. Ол дәрігерлердің кәсіби білімі мен еңбегінің арқасында азаматтың өмірі сақталып, есін жиып, қайта аяққа тұрғанын атап өтті.

«Нұржігітті тұрғызған дәрігерлер! Бұл – еліміздің мыңдаған адамы асыға күткен сурет», – деп жазды экс-депутат.

Ол Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы реанимация бөлімшесінің мамандарын жоғары бағалап, оларды Жамбыл облысы медицинасының үздіктері қатарында атады.

Бақытжан Базарбек дәрігерлерге алғыс айтып, олардың күн сайын науқастардың өмірін сақтап, денсаулығын қалпына келтіруге үлес қосып жүргенін атап өтті.

Комментарии
Другие материалы