Мәскеу – Астана рейсінде жолаушы қамауға алынды

83
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EQuqpVls3sH8rsAgwLbCXDkhR71aA4F2IG1d5myc.webp

Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінде қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” Polisia.kz сілтеп.

Ұшақ Астана әуежайына қонғаннан кейін 36 жастағы шетел азаматы көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Көлік полициясының мәліметінше, ер адам алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол экипаж мүшелерінің талаптарын орындамай, өзге жолаушыларға балағат сөздер айтқан.

Құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық жасау, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орынға мас күйде келу, әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар оның бұған дейін де бір жыл ішінде алкоголь қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Көлік полициясы әуе кемесінің бортындағы тәртіп талаптарын сақтаудың маңызын ескертті.

Комментарии
Другие материалы