Atyrau Creative Days: жәрмеңкенің алғашқы күні аяқталды

240
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WRHuvDgOerc92cPbDZdVgpttLdhfRjqzbgJE1WsL.jpg

Астанада өтіп жатқан Atyrau Creative Days креативті жәрмеңкесінің алғашқы күні қорытындыланды.

Бүгін жәрмеңке алаңында атыраулық дизайнерлер, қолөнер шеберлері, суретшілер мен өнерпаздар өз шығармашылығын елорда тұрғындары мен қонақтарына таныстырды. Алғашқы күннің өзіне 3000-ға жуық көрермен келіп, жәрмеңке жұмысына қызығушылық танытты.

Күн бағдарламасында музыкалық және театрландырылған қойылымдар, шығармашылық таныстырылымдар, ұлттық және заманауи өнер туындыларының көрмесі өтті. Сонымен қатар Fashion Design бағыты бойынша сән көрсетілімі ұйымдастырылып, атыраулық дизайнерлердің жаңа топтамалары көпшілік назарына ұсынылды.

Жәрмеңке барысында креаторлардың авторлық бұйымдарына қызығушылық танытып, сатып алғандар да болды. Осылайша, атыраулық шығармашылық өнімдер Астана аудиториясына ұсынылып, нақты сатылымдарға ұласты.

Atyrau Creative Days ертең де жалғасады.

Комментарии
Другие материалы