Еңбекшіқазақтан – Ұйғыр ауданына. Жаңа әкім тағайындалды

257
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/u8LgLpE2XuQ1YZ0sgOHfvfkSgCyk0TeBBnfHuKFN.webp

Талғат Байеділов Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Еңбекшіқазақ ауданын басқарған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Талғат Ескендірұлы 1972 жылы 16 маусымда Алматы облысы Кеген ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы колхоз жұмысшысы ретінде бастаған. Кейін қаржы-экономика саласында, «Қазпошта» АҚ жүйесінде және жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызметтер атқарған.

2008–2010 жылдары Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, 2010–2011 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2011–2018 жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары болған.

2018–2023 жылдары Кеген ауданының әкімі, 2023 жылы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, кейін мәслихат төрағасы қызметтерін атқарған.

2024 жылдың наурызынан осы уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болды. Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Комментарии
Другие материалы