Каспийдегі қайғылы оқиға. Екі әскери қызметші әлі іздестіріліп жатыр

64
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TqSb3wOBut7wikDDvxgM3WczptTubb9Ct7ZUq3T2.jpg

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында болған төтенше жағдай орнында жұмысын жалғастырып жатыр. Оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Нақтылаған ақпаратқа сәйкес, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты теңізге 17 әскери қызметші ағып кеткен. Олардың 12-сі қаза тапқан, үшеуін құтқару мүмкін болған. Қазір тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қанат Бозымбаев жоғалған сарбаздарды іздестіру жұмыстарын тәулік бойы үздіксіз жүргізуді тапсырды. Бұл ретте барлық қажетті күштер мен құралдарды жұмылдыру міндеттелді.

Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Қазіргі таңда билік үшін басты міндет – әлі де орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні табу.

Еске салайық, Қанат Бозымбаев болған оқиғаны тергеу үшін құрылған Үкіметтік комиссияға жетекшілік етеді.

Комментарии
Другие материалы