Қазақстан мен Германия арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Бұл туралы 29 қыркүйекте Германияға ресми сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Келіссөздер аясында жалпы құны шамамен 2 миллиард доллар болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісімшарттар тиімді жүзеге асырылса, екі елдің ынтымақтастығы бекемделе түсетіні анық»,–деді ол.
Мемлекет басшысы 30 қыркүйекте Баварияға барды.
«Бірқатар жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді жоспарлап отырмын. Сапар барысында бірегей жиын – Қазақстан-Бавария технологиялық форумына қатысамын. Бұл басқосу да елдеріміздің ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін»,–деді Қасым-Жомарт Тоқаев..
