Теннисші Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

241
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0Kp4iwJUy350ns7xUpg4mfW1ySqfrBS8fb0x9J7U.jpg

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы 1 қазанда ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті. Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.

Сурет: Никита Басов

Комментарии
Другие материалы