Porsche көлігі мен автобус соғысты

142
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pYwBfG3gZDMuV65jW3ES2hA1fbBK8ss2zzSrxrRn.webp

Алматының Түрксіб ауданында Porsche автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды "Адырна".

Жол апатынан кейін бірнеше адам медициналық көмекке жүгінген.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 қыркүйекте сағат 15:20 шамасында Рысқұлов даңғылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобус шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Кері бұрылу кезінде жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан Porsche көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

Апаттан кейін автобус жолаушыларының бірнешеуі медициналық көмекке жүгінген. Олардың нақты саны мен ауруханаға жатқызылғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.

Қазір Түрксіб аудандық полиция басқармасы жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

Комментарии
Другие материалы